ҚОБЫЛАНДЫ БАРЛЫҒЫНА КІНӘЛІ

Бәрінізге Ассалаумалейкум
Екі жауырыны қақпақтай, екі білегі тоқпақтай, екі иығына екі адам мінетіндей еңсегей бойлы, қара күштің иесі, күллі қазақтың мақтанышы, аты аңызға айналған Қара Қыпшақ Қобыланды батыр жайлы сізге Білген Дұрыс!
1457-жылдың шіліңгір шілдесі. Ақжол би өлді. Әкесі Қотан жырау алты қанат ақ орданың ішін басына көтеріп, аңырап отыр.
-Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді құлыным,
Сексен асып, таянғанда тоқсанға,
Тұра алмастай үзілді ме жұлыным?!
деп қобыздың үнімен қосылған жоқтау тыңдар құлақтың сай сүйегін сырқыратты. Бұл жоқтаудың сөздері көңіл айтып келіп отырған Керей мен Жәнібекке де ауыр тиді. Жалпы Ақжол бидің қазасы күллі қазақты тітір еткізді.
Басының мылжа-мылжасы шығып, ақ кебінге оранып жатқан Ақжол бидің өліміне тікелей Қобыланды кінәлі.
Оқиға былай болған еді: Арғынның биі Ақжол мен Қыпшақтың батыры Қобыланды көптен бері бір-біріне деген өшігіп алған-ды. Бұл істің бітімі тек олар үшін-өлім еді. Бұл екеуінің арасына шоқ тастаған атаңа нәлет Әбілқайыр хан. Ол қазақтың азулы Арғын мен Қыпшағын бітістіргісі келмеді. Біріккен жағдайда Керей мен Жәнібектің көшіне басшы мен қосшы боларына күмән келтірмеді. Осылайша ертеден бас батыры болған аңғал Қобыландыны Ақжол биге айдап салды. Ел сыртында Ақжолдың 1-2 нөкерімен ғана оңаша жүргенін пайдаланып, қолындағы шоқпарын тұп-тура басына сілтеген Қобыланды тіл тартқызбай өлтірді.
Ел іші азан-қазан. Ашуға булыққан Керей мен Жәнібек , Әбілқайыр ханнан Қобыландының басын сұрады. Бірақ, Әбілқайыр бермеді. Қобыланды батыр 5000 шаңырағымен көшуге мәжбүр болып, Тарбағатай өңіріне босып кетті.
Осылай ай мен жыл өтті. Аңғалдығы мен алкеуделігінен опық жеген Қобыланды атажұртынан ажырады.

1465-66-жылы Қазақ хандығы қазығы қағылып, шаңырағы көтерілді. 1469-жылы Әбілқайыр хан ауыр қолмен аттанып, жас мемлекетті жөргегінде түн шықтырғысы келді. Алайда, жол үстінде бір аптадай төсек тартып жатып қалған Әбілқайыр хан 60 жасқа таяп қалған шағында қайтыс болды. Бұл оқиғадан кейін елдің бірлігі бүтінделе бастады. Елдің елдігін, ерлігін жырлаған көшпенділердің абызы Асан қайғы ендігі уақытта Қобыландыны елге қайтару қамына кірісті.

Ақыр соңында Қобыланды батыр қалың Қыпшақ халқымен келіп Қотан жыраудың алдынан өтіп, күллі Арғыннан кешірім сұрады. Атасының құнын кешкен қазақ, өз баласын өзегінен теппей ел бірлігі үшін рақымшылық жасады. Арғын мен Қыпшақ қазаны бірге қайнап, кеудесі бөлек жаны бір жұртқа айналды.
Қобыланды батыр Жәнібек хан тұсында қазақ әскерлерінің бас қолбасшысы болды.
Ол Бақтияр бастаған өзбек әскерінің төбесінен жай түсірді. Қазақты шауып алмақ болып аттанған өзбектерді бірнеше рет тойтарып, халыққа төнген қара бұлтты сейілтті. Осындай жорықтардың бірінде Әбілқайырдың кіші баласы Шайх Хайдар бастаған арнайы жасақ кеңес құрып отырған Жәнібек ханның үстінен түспекші болды. 500 ге жуық таңдаулы баскесерлерімен аттанған Шайх Хайдардың алдынан Қобыланды батыр, Жәнібектің баласы Қамбар батыр, Бұрындық сұлтандар күтіп алды. Қайшылап келіп соқпақшы болған өзбек әскерінің тас талқанын шығарды. Сол кезеңдерде Қобыландының жасы елуден асып, алпыстарға таяп қалған тұсы еді. Қайратынан қайтпаған кәрі қырандай Қобыланды өзбек әскерін қынадай қырды. Бүйрегі бүлкілдеп, еті қызған алпамсадай батыр, бас сауғалай қашқан өзбектердің соңынан қуа жөнелді. Ақырында серіктерінен алыстап кеткен Қобыландыны жазым етпекші боп, арыстанға жабылған қаншықтардай тарпа бас салды. Дес бермеген қара күш иесіне шамасы жетпейтінін білген баскесерлер арқан-жіптерін лақтырып жерге ұрып жықты. Әбден әлсіреп дымы құрыған Қобыланды батырды найзамен түйреп өлтірмекші болғанда, Саян батыр бастаған қазақ әскерлері тұтқиылдан тиіп, қорғап қалған болатын.
1511 жылы Қасым хан таққа келді. 1516-1517 жылдары Қазақ хандығының әскері үш жүз мыңды құрады. Қобыланды батыр осынау алып күштің тұтқасы болды. Осы уақытта Әмір Темірдің шөбересі Бабыр патша Дели сұлтандығын жаулап алмақ үшін Қасым ханнан көмек сұрайды. Қасым хан өтінішін қайтарған жоқ. Өйткені өзбек басшысы Мұхаммед Шайбанидың күшейіп кету қауіпі тұр еді.
Үнді сахарасына Қобыланды бастаған 20 мың қазақ жауынгері аттанды. Қазақ жауынгерлерін үнділердің алып пілі, парсылардың қара бура түйелері күтіп алды. Бұндай мақұлықтарды қазақтар бірінші рет көрсе де сес берген жоқ. Қайта қазақты көрген мақұлықтар иелеріне бағынбай үрке қашты.
Қобыланды құбыжық! Қобыланды алпамса! Қапсағай денелі Қобыланды! деген қорқынышты ұрандар қазақ жауынгерлерін алдыңғы шепке шығарды.
Азияның барысымыз деп жүрген үнділер, қазақтың көкжалдарының жемтігі болды. Қарабайыр қазақы жылқымен-ақ, үндінің мың қырық пілін жапырып өтті. Қобыланды бастаған алдыңғы үш лек әскер үшкір найзаларын піл біткеннің бәріне жаңбырша жаудырды. Қара бура түйелеріне байланған зеңбіректерін атқанша, қазақтың ысқырық жебелері қарша борады. Үнді мен парсылардың арғы бабалары да біздің сақтардан осылай күйреген еді. Бабыр патша мұндай жылдамдықпен жеңіске жеткеніне таңданысын білдіріп, айтарға ауыз таппады.
Толығырақ Видеода...

Пікірлер

  1. BILGEN DURYS

    BILGEN DURYS12 күн бұрын

    Арнаға қаржылай көмек KASPI GOLD 5169 4971 7661 3655 Qiwi КОШЕЛЕК +7 747 409 2531 Жарнама немесе серіктестік үшін vk.com/programs2017

  2. Убайдулла Мулкибаев

    Убайдулла Мулкибаев5 сағат бұрын

    Кобыланды несимен киналй казак кыпшак батыры болгандыгыменба такырыпты бир сауатты адам жазса кайтеди тарихты колдан курастырып казакты казакка айдап салмандар екижуздилер

  3. 09 сарыарқа

    09 сарыарқа15 сағат бұрын

    Қазақ тарихы жаңадан ойдан құрастырылып жатыр. Бұл кейіпкерлер бір уақытта өмір сүрді ме? Мысалы арғындардың атасы болып кеткен Қотан 13 ғасырдағы қыпшақтардың ханы болған. Дешті қыпшақ ыдырағандықтан мәдениеті, жырлары, кейбір рулары арғындарға ауысып кетеді. Қотанда арғындардың атасы болып кетеді. Қобланды батыр жыры қазақта ғана емес, ноғайларда да, қарақалпақтарда да бар. Қазақтың батырын ноғайлар жырламас еді, себебі қасымхан ноғайлармен соғысты. Әдебиет пен тарихты бас көз жоқ араластырмаңдар.

  4. SHolpan Zhuldyz

    SHolpan Zhuldyz19 сағат бұрын

    @Kazak Kazak жусанды мекенге пайғампарыңның түк те қатысы жоқ.Оны айтқан Сұлтан Бейбарыс!

  5. Али Д.Енидже

    Али Д.Енидже7 күн бұрын

    I RAN e eśek seni śeśen oínastan tapkan, bir alqaśtan, mal qorqak, taptyn kimdi kínálaÿdí, mal. Batyr bolsan atyÿn men tegíndí zhazbadÿn ba?

  6. I RAN

    I RAN7 күн бұрын

    Автор Шешең сені ойнастан таптыма не? Қобыланды мен Әбілхайырды жамандағанды қой. Шапырашты наурызбайдың құйтырқы істері туралы айт, сатқындығын айт.

  7. Almat Alimbetov

    Almat Alimbetov3 сағат бұрын

    Автор сен онбаган сол заманда болып тугандай копырып аитпа ертегынды .Кобланды кыпшак батыры букыл казагымнын батыры

  8. Pubg Mobile

    Pubg Mobile3 сағат бұрын

    Мал автор көрілім үшін қобыландыны бұлай жаман атты қылма

  9. Бекарыс Көмек

    Бекарыс Көмек14 сағат бұрын

    Өтірік айтуды қашан қоясың шындыққа жанастырып айтсай

  10. 09 сарыарқа

    09 сарыарқа15 сағат бұрын

    Қазақ тарихы жаңадан ойдан құрастырылып жатыр. Бұл кейіпкерлер бір уақытта өмір сүрді ме? Мысалы арғындардың атасы болып кеткен Қотан 13 ғасырдағы қыпшақтардың ханы болған. Дешті қыпшақ ыдырағандықтан мәдениеті, жырлары, кейбір рулары арғындарға ауысып кетеді. Қотанда арғындардың атасы болып кетеді. Қобланды батыр жыры қазақта ғана емес, ноғайларда да, қарақалпақтарда да бар. Қазақтың батырын ноғайлар жырламас еді, себебі қасымхан ноғайлармен соғысты. Әдебиет пен тарихты бас көз жоқ араластырмаңдар.

  11. Саги Усипбалиев

    Саги УсипбалиевКүн бұрын

    Оттайды екен видео авторы. Қобыланды эпостық жырға айналған кейіпкер.

  12. А А

    А АКүн бұрын

    Орыстар неге богатырь Илья Муромецке (оның болған болмағаны да белгісіз, жырлап қаллырған ешкім жоқ) неге жаман ат қоймайды. Әй қазағым, қазағым, жоллас еткен өзіне деген мазағын .. кімнің несі кетті өзіңді өзің жамандағанда ..

  13. А А

    А АКүн бұрын

    Мен бала кезімде БАТЫРЛАР ЖЫРЫН қайта қайта оқып жартылай жаттаған адаммын.Бұл құндылықтар қазақтың ауыз әдебиетінде ұзақ жылдар сақталып, ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханның қағазға түсіруіиен халыққа жеткен қымбат дүние.Қобыланды батырға жағымсыз ат қойып, айдар тағу нағыз ессіздік.Қобыланды қазақтың арға бабасы тұлғасы, оны ойыншық құлу тағы сол дінсіздік мәдениетсіздік нашар әлсіз адамның ісі.

  14. Канат Донесбай

    Канат ДонесбайКүн бұрын

    қобыланды кінәлі деген дұрыс емес бәрі жаман ойлап қалады

  15. Уалихан Ермурат

    Уалихан ЕрмуратКүн бұрын

    Автор сенде сол ШайбанШахтың ұрпағысының ғой, араға от салып отқан... Тұқымыңмен құрып кет бұлай араға от салғанша

  16. Бахытбек Сулейменов

    Бахытбек СулейменовКүн бұрын

    Видионың тақырыбын өтірік жазбай дұрыстап жазсаңдарда көремізғой жала жаппай

  17. Насихат Тасыбекова

    Насихат ТасыбековаКүн бұрын

    Кобыланды мынауынды естисе саган не болатынын аитп жеткизе алмаим оны елестетудн ози сумдык

  18. mix kz

    mix kz2 күн бұрын

    Қобыланды кінәлі дегенге зәрем ұштығой

  19. Бек Баймен

    Бек Баймен2 күн бұрын

    Бурмаланган

  20. Бекзат Баймуханов

    Бекзат Баймуханов2 күн бұрын

    Кыпшакпын. Ата бабамнын тарихын билейнш десем, буларда отирик жаза береди. Казак болсан Казактын тарихын ойтип куртпа. Тарихты шыгаруын дурыс. Бирак енбеги КАЗАКка синген АТАМДЫ нен бар кинали деп. мал буындырып тыстайтын адамсынго, аттен танымайм

  21. Aybalta Channel

    Aybalta Channel2 күн бұрын

    Пи-дарастар екенсіндер Қобыланды бәріне кінәлі деп. Беттеріне айтайын оны.

  22. Dat tan

    Dat tan2 күн бұрын

    Қоблданды ноғайлының батыры. Ертарғын, Ертөстік,батырлар да Ноғайлы батырлары.

  23. Izbassar Otebaly

    Izbassar Otebaly3 күн бұрын

    Оқыған жігіттің дауысы керемет анық, нық сөйлейді екен. Өзі түсініп оқығасын,тыңдаған адамғада түсінікті. Мардан деген өзбек барғо мырыңдап, не айтып отқанын өзі түсінбит, не бізге түсіре алмайт

  24. Birzhan Bigozhaev

    Birzhan Bigozhaev3 күн бұрын

    Кинали деп косякты айтат,это его косяк деген сиякты!Мунда кинасы емес,Жеткен жетистиги мен Еткен енбеги айтылды!

  25. Куан Орал

    Куан Орал4 күн бұрын

    Кобыланды не ушин кнали

  26. Назгуль Дюсембаева

    Назгуль Дюсембаева4 күн бұрын

    Әбілхайыр шаибани

  27. Назгуль Дюсембаева

    Назгуль Дюсембаева4 күн бұрын

    Шаибаншах деген сөз тарихта болмаған

  28. Назгуль Дюсембаева

    Назгуль Дюсембаева4 күн бұрын

    Кобыландыны көріп келгендеи Садаға кет

  29. nurzhau zhan

    nurzhau zhan4 күн бұрын

    Ассаламу алейку Білген дұрыс Адайлар тұралы шығаршы!

  30. Кенжебек Абдилла

    Кенжебек Абдилла4 күн бұрын

    "Қобыланды қазаққа жау" деген просмотр жинау үшін қойғаның алып таста

  31. Нұрдәулет Болатулы

    Нұрдәулет Болатулы4 күн бұрын

    кәзір еркектер Қыз сияқты мінезділер елімізде көбейіп бараатр Ал арғы заманда қаталдау боған

  32. Daniar Daniar

    Daniar Daniar5 күн бұрын

    Қазақта ол заманда жазу болмаған, тарихшы болмаған. Осындай әңгімелерді қайдан шыгарсандар, Индияны казактар жаулап алуға барды, қазақтарды көрген пілдер иелерине бағын бай қашып кетті дид 😂😂

  33. Улан Токеев

    Улан Токеев5 күн бұрын

    Райымбек батыр жайлы шығаршы

  34. Wise kanal

    Wise kanal5 күн бұрын

    КАЗАККА казыр Кобыландылардан бурын Кунанбайлар керек болып тур 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  35. Қазақы мұра

    Қазақы мұра5 күн бұрын

    Кыпшақтардың қырғызға қатысы жоқ ,мынаны естісе кірқыздар қыпшақтар қірқыз болған деп шыға келеді

  36. Іңкар Нәби

    Іңкар Нәби5 күн бұрын

    😐

  37. Алтын Маликова

    Алтын Маликова5 күн бұрын

    Сен каидан шыкан билгишын абаила

  38. Gulsara Dk

    Gulsara Dk5 күн бұрын

    атын өзгерт, мен шықтым мына сауатсыз роликтерден

  39. Sarsen Aziza

    Sarsen Aziza6 күн бұрын

    д.б сынба Автор сен басын сгема кире берсин не деп когасын д.б казактын ен мыкты барыго оо

  40. Аман Зейнелгабитов

    Аман Зейнелгабитов6 күн бұрын

    Қойсай атты бұлай қоюды

  41. Азамат Абжанов

    Азамат Абжанов6 күн бұрын

    Арандатушы автор

  42. Бейбитхан ХИСАМБА

    Бейбитхан ХИСАМБА6 күн бұрын

    Қызылбас деген Еврейлер ягни Изирайл

  43. Бейбитхан ХИСАМБА

    Бейбитхан ХИСАМБА6 күн бұрын

    Қобыланды батыр жырын, ертегі сияқты әсірелеп жіберген. Мен Қобыланды батыр болды дегенге сенбеймін. Ертегі сияқты

  44. Айгул Даулетьярова

    Айгул Даулетьярова6 күн бұрын

    Кобланды кыналы екенго

  45. Zhasulan Zhambul

    Zhasulan Zhambul6 күн бұрын

    Қазақтың батыры Қыпшақ Қобыланды қазаққа жау емес